Айтары аймақпен шектелмейтін басылым
Бір ғасырдың куәсі, ел өмірінің шежірелі мұрасы облыстық «Aq jol» газетінің мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі редакцияға арнайы ат басын бұрып, шығармашыл ұжымды құттықтады. Мерейлі сәтте сала министрі өз міндетін мінсіз атқарып жүрген бірқатар газет қызметкерін марапаттады.
– Елімізде ғасырлық белесті бағындырған басылымдар көп емес. Соның бірі де бірегейі – Жамбыл өңірінің шежіресі саналатын «Aq jol» газеті. Және оның жүз жылдығы Шерағаның 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі де бекер емес. Осы шаңырақта Шераға талай мәрте сұхбат беріп, әңгіме-дүкен құрған. Шығармашыл ұжымды Мемлекет басшысының құттықтауы да үлкен баға. «Aq jol» газетінің терең тарихы, жүріп өткен жолы бар. Редакция ғимараты да маған өте ыстық. Осындағы қазір дүниеден озып кеткен біраз ағаларымызбен пікірлесетінбіз. Мақалаларымызды беретінбіз. Марқұм Несіпбек Дәутайұлы ағамыздың кабинеті де ел ең көп келетін құтты мекеннің бірі болатын. Ол ағаларымыз өмірде қазір болмағанымен жолы жалғасып жатыр. Сондықтан екінші жүз жылдығына қадам басып отырған «Aq jol»- дың ғұмыры ұзақ болсын. «Aq jol» – елімізге белгілі талай журналистерді жетілдірген құтты ұстахананың бірі. Мерейтойға орай жылдың басынан бері үлкен шаралар ұйымдастырып жатырсыздар. Ұрпақтар сабақтастығы әдемі жалғасын тауып отыр. Тек қана өңір аумағында таралатын газеттер бар. Ал «Aq jol»-дың оқырмандары тек қана өңірмен шектелмейді. Өйткені оның авторлары өзге аймақтарда көп. «Aq jol» газетінің жолы әрдайым ақ болсын. Осындағы журналистерге Шерағамыздың жолын, әрқайсыңызға «Aq jol»-дың жасын берсін. Ақпарат саласының ақмылтық журналистері атаныңыздар, – деді Дархан Қуандықұлы.
Ұжымның атынан сөз тізгіндеген басылымның шолушысы Амангелді Әбіл заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Түркістан солай туған» атты атақты очеркінің алғаш «Aq jol» газетінде басылғанын, қазақ детективінің атасы Кемел Тоқаевтың осы редакцияда еңбек еткенін тілге тиек етіп, әріптестерінің алғысын жеткізді.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді