Әр дәуірдің өз үнін естисің
Сейітқазы МАТАЕВ, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы. Құрметті әріптестер! «Aq jol» газетінің ұжымы!
Қазақ баспасөзі тарихында бір кездері «Кедей еркі» болып басталған «Aq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойы құтты болсын. Бұл басылымның тарихы өте бай. Әр жылдары түрлі атпен шықса да, күнделікті ақпараттардан бөлек тілдің, жердің, ұлттың мүддесін көтере білді.
Және бұл шаңырақ ұлтымыздың талай талантты ұлдарының шығармашылығын шыңдап, тұсауын кесіп, қазақ журналистикасының мықты ұстаханасына айналды.
«Aq jol» өз дәуірінің, сол заманның шежіресін қалыптастырды. Газеттің сарғайған беттерін ақтарып отырып шынымен әр дәуірдің өз үнін естисің.
Ендеше шежірелі басылымның бір ғасырлық мерекесі тағы да құтты болсын. Әлі талай шыңдарды бағындыратынына сенімім мол. Басылымның бай тарихының кейінгі ұрпаққа берер үлгі, өнегесі мол болсын!
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




