Халық пен билік арасындағы алтын көпір
Бір ғасыр дегеніңіз аз уақыт емес. Жамбыл өңірінің айнасы – «Aq jol» газеті сол ғасыр жастың шыңына шығып отыр. Ол дегеніңіз кешегі Кеңес кезеңінен бастап, зұлмат жылдар, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы, тың игеру және Тәуелсіздік алған кезеңдердің өткен жолының бәрі-бәрі газет бетінде сайрап жатыр.
«Aq jol» газеті қашанда халық пен билік арасындағы алтын көпір қалпынан танбай келеді. Өңірдің жетістігін де қуана жазады, өзекті мәселелерді де жасқанбай көтереді. Тіпті ең алыс аудан, ауылдағы бұрын көтерілмеген мәселелерді қаузайтын да осы басылымның қызметкерлері. Оны Жамбыл өңірінде қызмет еткен жылдарымда талай байқап, білгенмін. Өз басым «Aq jol» газетінің тұрақты оқырманымын. Газетте жарияланған мақалаларды мұқият оқып, журналистердің жанкешті еңбегін бағалап отырамын. Бұл басылымды Баттал Жаңабайұлы, Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев бастаған биік тұлғалы азаматтар басқарды. Әрбір бас редактордан өзгеше із қалғаны белгілі.
Жүз жасаған «Aq jol» газетіне толағай табыс, жақсылықтар тілеймін! Тәуелсіздігіміздің қатпарлы шежіресін таратуда аянбай еңбек ете беріңіздер!
Бекболат ОРЫНБЕКОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




