Елбасы «Тараз химия паркі» дегенде қуанып қалдық
Бақытжан Нүркенов, Шу ауданының әкімі. Елбасының республика халқына арнаған әр жылғы кезекті Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, ғылымы мен мәдениетін көтеруге, құқықтық базасы мен қорғаныс қуатын нығайтуға, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға серпін әкелуде. Мәселен, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау барысында ел Үкіметі Республикада 29 ірі инвестициялық мегажобаны жүзеге асыруды қолға алған болатын. Солардың қатарында Шу ауданы аумағында құрылған, жобалық-сметалық құны 2 миллиард 725 миллион долларды құрайтын, құрамында әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие ең жаңа химия өнімдерін өндіретін 16 кәсіпорны бар «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын да атауға болады. Сарапшылардың айтуынша, жаңа нысан толық қуатында іске қосылған кезде мұнда жылына екі миллион тоннаға дейін фосфор химиясы өнімдері өндіріліп, өндіріс орнының жыл сайынғы табысы 75 миллиард теңгеге дейін жеткізілетін көрінеді. Жаңадан пайдалануға берілетін өндірістік қуат 2400 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік бермек. Оның үстіне химиялық парктің шығарған өнімдері негізінде облыста үш жүзге тарта шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының жұмысы да жанданатын болады. Енді міне Республика Президентінің ағымдағы жылғы қараша айының 11 күні барша қазақстандықтарға арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында ел Үкіметіне Атыраудағы және Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтарының инфрақұрылымдарына ғана 81 миллиард теңге қаржы бағыттауды тапсырып отыр. Бұл — алдағы жылдың қаңтар айынан бастап, жобалап-жоспарлау және іргетасының негізін қалау жұмыстары қолға алынатын облысымыздағы жаңа кешенді өндіріске болашақта миллиардтаған доллар көлемінде шетелдік және отандық инвестиция тартылатындығын, жүздеген жаңа жұмыс орындарының ашылатындығын және жергілікті бюджеттерге түсетін салық пен өзге де төлем түрлерінің есебінен жергілікті бюджеттерге түсетін түсім мөлшерінің көбейетіндігін айғақтайды. Ал Елбасының биылғы «Нұрлы жол» Жолдауы қазақстандық әр азаматтың келешекке деген үміті мен сенімін нығайтатын осындай нұрлы жолдардан тұрады. Меніңше, барша қазақстандықтар үшін аталған тарихи құжат сонысымен құнды әрі қымбат.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді