Бүгінгі белесіне мол табыспен жетті
Құрметті «Aq jol» газетінің ұжымы!
Баршаңызды басылымның 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Алғаш 1922 жылдан бастап шыға бастаған газет Әулиеата өңірінің жылнамасына, облыс халқының рухани болмысының шежіресіне айналды. Өзінің байыпты байламдары, салмақты ойлары бар беделді ақпарат құралы ретінде танылды. «Aq jol» – өңірдегі журналистердің түлеп ұшқан ұстаханасы. Ғасырға жуық тарихы бар қара шаңырақта кәсіби тілшілердің шығармашылық мектебі қалыптасты. Бұл ұжымнан талай білікті маман, қарымды қаламгер шарболаттай шыңдалып шығып, ақпарат әлеміне қанат қақты. Еліміздің медиакеңістігіндегі байырғы басылым бүгінгі белесіне мол табыспен жетті. Жаһандану кезеңінде бәсеке нарығына нық қадам басып, ұлттық баспасөздің заманауи келбетін қалыптастыруға үлес қосты. Бүгінде заман көшінен қалмай, ойлы оқырманымен бірге жасап келеді. Қос ғасырдың куәсі болған газет ұжымына шығармашылық табыс тілеймін! Мерейтой құтты болсын! Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.
Нұр-Сұлтан қаласы, Ақорда 28.04.2022
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




