Шерағаның шапағаты
1967 жылы ҚазМУ-дағы оқудан қол үзіп, үшжылдық азаматтық борышымды өтеп, әскерден оралған соң мен де «Лениншіл жастың» белсенді авторларының біріне айналдым. Газетті Шерхан аға басқаратын. Әскерге дейін бірге оқыған азамат, бүгінгі көрнекті қазақ жазушыларының бірі Кәдірбек Сегізбаев сол газетте қызмет ететін. Көп қамқорлығын көрдім. Сол жылдардағы студенттер арасындағы өмірге де, сабаққа да енжар қарайтын, жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүруге құлай берілген жандар туралы «О ғып, бұ ғып, бұқпантайлап жүріп...» деген сұхбат түрінде көлемді материал бергенмін. Осы мақаланы Шерхан аға өте ұнатыпты да, газеттің тура бірінші бетіне көрнекті жерге жариялаттырды. Ол оқырмандар, студенттер арасында үлкен пікір туғызды. Келесі бір нөмірлерде республиканың әр тұсынан жазылған алуан пікірлер шоғыры газет бетінде бірнеше рет жарияланды.

Пернебай ДҮЙСЕНБИН,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




