- Advertisement -

Бәйге беріліп, балуандар күресті

247

- Advertisement -

Ұлы Отан соғысының ардагері, панфиловшы, Қордай ауданының Құрметті азаматы Несіпбай Жұмабаевтың 100 жылдығына арналған Халықаралық турнир өтті. Аталған турнирде 2006-2008, 2009-2011 жылдары туған жасөспірімдер Қордай ауылындағы спорт кешенінің боз кілемінде кім мықтыны анықтады.

Жамбыл, Жетісу, Алматы облысынан және көрші Қырғыз елінен келген балғын балуандарды марапаттау рәсіміне аудан әкімі Мәден Мұсаев қатысты. Турнир жеңімпаздары диплом мен медаль, сонымен қатар ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Майдангердің 100 жылдығына арналған шара мұнымен аяқталған жоқ. Ат жарысы аламан, батқұр бәйге, құнан бәйге секілді үш түрі бойынша өтті. Екі елдің атбегілері мен шабандоздары бас қосқан іс-шарада Қордайдың тақымы мықты жігіттері топ бастады. Бәйгенің бас жүлдесін иеленген аттың иесіне жаңа автокөлік жүлдеге берілді.

 

Жандос ОМАРОВ.

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support