Соғыс ардагеріне 3 млн. теңге берілді

Соғыс ардагеріне 3 млн. теңге берілді
ашық дереккөз
Соғыс ардагеріне 3 млн. теңге берілді
Ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының соңғы солдаты – Қасен Шанбаевтың жүріп еткен жолдары туралы айтар әңгіме аз емес.

 width=

Республика күніне орай аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ардагердің шаңырағына барып, ақсақалды алғаш рет елімізде аталып өтілетін мемлекеттік мерекемен құттықтады. Ауылдастары бүгінде қарияға асарлатып үй салып беруде. Табантасы төселіп, қабарғалары көтерілген баспанаға қолдау ретінде аудан басшысы облыстық мәслихаттың депутаты, "Азиялық Газ құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Ғалымжан Сағынтаевтың тарапынан берілген 3 млн теңгенің сертификатын табыстады.

 width=

Ғасырға аяқ басқан Қасен Шанбаев Жеңіс сағатын соқтыруға үлкен үлес қосқан ардагер. Қысылтаяң шақты бастан өткерген жауынгердің аузынан «Құдай елімізді бейбітшіліктен айырмасын» деген тілегі түскен емес. Оқ пен оттан аман қалып, елге жеңіспен оралып, соғыстан кейінгі қиын-қыстау шақта елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардагер ауданымыздан майданға аттанған 9341 жауынгермен бірге сұрапыл соғыс жылдары толарсақтан су кешіп, ұрыс даласында қаһармандықпен көзге түсті.

 width=

Қасен Шанбаев 1923 жылы 19 қаңтарда Жамбыл ауданы Головачевка (қазіргі Айшабибі) ауылында дүниеге келген. 1935 жылы мектепке барып, 1942 жылы жетінші сыныпты бітіріп, Сол жылдың 19 қаңтарында әскерге алынған.

Бүгінде Қасен атадан тараған 3 ұл, 3 қыздың қатары 16 немереге, 41 шөбереге, 5 шөпшекке жетіп отыр. Ендігі жерде осынау алапат соғыста Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлердің ерліктерін ұлықтап, бүгінгі бейбіт күннің ұрпақтарына жеткізу – біздің міндет. Ғасырға аяқ басқан қарияны аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, ауыл әкімі Дәрмен Дәулет және демеуші серіктестіктің жауапты өкілдері құттықтап барып, ізгі тілегін білдірді.  

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар