Тіл байқауында достық жеңді
Жамбыл аудандық мәдениет үйінде облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы мен Жамбыл ауданы әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Тіл – тұтастық туы» атты облыстық фестиваль өтті. Іс- шараны аталған басқарманың басшысы Рахия Тұрмаханбетова ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға он ұлттың өнерлі де талапты өкілдері қатысып, бақ сынады. Үміткерлер таныстыру және өз өнерін көрсету аталымдары бойынша сынға түсті. Іс-шараға байқаудан тыс қатысқан балғар ұлтының өкілі, Айша бибі орта мектебінің оқушысы Анель Айдаралиева да ұйымдастырушылар тарапынан сыйлыққа ие болды.
Тартысты өткен байқауда барлық қатысушы үміткерлер өздерінің жоғары дайындықтарын, мемлекеттік тілге деген шынайы құрметтерін көрсетті. Сондықтан қазылар алқасы жеңімпазды дараламай, барлық қатысушыларды бірдей бағалап, достық пен ынтымақтың жеңгенін айтты.
Іс-шараны аталған басқарма басшысы Рахия Тұрмаханбетова және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрайымы Эльмира Мырза-Ғали қорытындылап, ұлт өкілдерінің белсенді өнерлеріне ризашылық білдіріп, оларды диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




