Экономика
Таразда «Қазфосфат» ЖШС-нің жаңа минералды тыңайтқыштар цехы іске қосылды
- author «Ақ жол»
- 18 қазан, 2022
- 604
Таразда «Қазфосфат» ЖШС-нің жаңа минералды тыңайтқыштар цехы іске қосылды
Республика күні қарсаңында Таразда «Қазфосфат» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар шығаратын жаңа цехы іске қосылды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің отын-энергетика және химия салаларын дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары - Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудов қатысты.

- Бүгін ең көп сұранысқа ие тыңайтқыштардың бірі – аммофос өндірісінің екінші желісін іске қостық. Осы жобаны табысты іске асырудың нәтижесінде алдағы жылы қазақстандық аграрийлердің аммофосқа деген қажеттілігін толық қанағаттандыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігіне сыртқы факторлардың әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығын тұрақты жүргізу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агрохимиялық секторды дамытуға ерекше назар аударылды, – деді Қайырбек Өскенбаев.

– Республика күнін қарсаңында ашылған жаңа цехтың ашылуы маңызы зор. Фосфоршылар өңірдің дамуына зор үлес қосуда. Соңғы жылдары серіктестік әлеуметтік міндеттемелерді орындау аясында ауқымды жұмыстар атқарды. Барлық қызметкерлерге қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамын! Жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін, – деді аймақ басшысы.Жұрабек Мирзамахмудов баршаны айтулы оқиғамен құттықтап, жаңа нысан кәсіпорынның экспорттық әлеуетін дамытуға қуатты серпін беретінін баса айтты.


Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




