- Advertisement -

Елі Есалы ақынды еске алды

303

- Advertisement -

Ақын-ұстаз Есалы Қырықбайұлының есімі Талас ауданына кеңінен таныс. Кезінде Мырзатай Жолдасбеков, Фариза Оңғарсынова секілді әдебиетіміздің алыптарын мойындатқан Есалы ақын ұзақ жылдар бойы Талас ауданы, С.Шәкіров ауылында ұстаздық еткен. Оның тәрбиесін көрген талапты шәкірттердің тең жартысы елге танымал ақын болғанын барша жұрт біледі. Сол шоғырдың ішінде өзінің ұлы Азамат Есалы да бар.

Сол Азамат Есалының ұйытқы болуымен С.Шәкіров ауылдық мәдениет үйінде «Есалы ел есінде» атты ақын Есалы Қырықбайұлын еске алу кеші өтті. Іс-шараны Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекнұр Сатыбалдиев пен С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Ринат Ертайұлы ашып, ақынның еңбек жолына, мазмұнды жырларына тоқталып, келген қонақтарға алғысын білдірді.

Мұнан соң Есалы ақынның шәкірті, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы ұстазы жөнінде толғана сөйледі. Е.Қырықбайұлының ел үшін жасаған еңбегін, жүздеген таланттың көзін ашқан игі ісін көркем баяндап, жүрекке жеткізді. Мұнан соң облыс журналистикасының ардагері Бекет Момынқұл, есімі елге кеңінен белгілі Жасұлан Әбдіхалық, шәкірті Әбиірбек Қонысбаев сөз алып, әдемі әсерлерімен бөлісті.

ҚР Ақпарат саласының үздігі Дәулет Төленді мен облыстық «Ar-ai» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбек, журналистика мен мемлекеттік қызметті де қатар алып жүрген Зарина Қуатова да жүректен тербеп, ой толғады. Ақынның жары Қадірше апаның жан толғанысы да көңіл толқытты. Іс-шара соңында ақын Азамат Есалы әкесі жайлы әсерлі естеліктер айтып, қонақтар мен ауылдастарына ризашылық білдірді. Мұнан соң Есалы Қырықбайұлының рухына арналып дастарқан жайылып, Құран бағышталды.

 

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support