Бозкілемде - балғын палуандар

Бозкілемде - балғын палуандар
ашық дереккөз
Бозкілемде - балғын палуандар
Жуалы ауданында «Жас Барыс» республикалық турниріне аудандық іріктеу жарысы өтті. Іс-шарада аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов барша палуандарға сәттілік тіледі. Боз кілем бәсекесінде 200-ден астам жас палуандар үш жас айырмашылығы бойынша 2002-2004 жастар, 2005-2006, 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер кезеңінде белдесті. Жарыс өте тартысты өтті. Себебі әр жарыс жастардың болашағына жол ашады. Нәтижесінде, әр жас айырмашылығы бойынша он салмақта жеңімпаздар анықталды. Осылайша, үш жас айырмашылығы бойынша отыз жасөспірім жеңімпаз атанды. Жауырыны жерге тимеген жеңімпаздар енді облыстық жарыста бақтарын сынайтын болады.  

Есет ДОСАЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар