«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Экономикалық өсім бойынша алдыңғы қатардамыз

Экономикалық өсім бойынша алдыңғы қатардамыз
ашық дереккөз
Экономикалық өсім бойынша алдыңғы қатардамыз
Облысымыз ағымдағы жылдың тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына сәйкес еліміздің өңірлері арасында алдыңғы қатардан көрінді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров атап өтті. – Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалуда, – деді Әлібек Қуантыров. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, осы жылдың қаңтар-қырқүйегінде еліміздегі өндіріс көлемі 4,6 пайызға өскен. Көрсеткіштің өсімі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы қаласында, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалуда. Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен облыстың экономикалық өсімі 106,8 пайызды құрады. Бұл ретте өнеркәсіп өндірісінің көлемі 112,4 пайыз деңгейінде (639,2 миллиард теңге) қалыптасса, Ауыл шаруашылығында 431,3 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, өсім 105,5 пайызға айналған. Есепті кезеңде облысқа 293,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға өсті. Сол секілді құрылыс көлемі 149,0 миллиард теңгені құрап, 8,7 пайызға артты. Облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, бюджет кірісі – 402,5 миллиард теңгеге орындалып, 1,1 пайызға, өзіндік кіріс – 88,1 миллиард теңгені құрап, 15,5 пайызға артқан. Облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 98,6 пайызға игерілген. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов барлық саладағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды, жыл қорытындысы бойынша да даму динамикасын сақтау бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар