Үстіміздегі жылдың қазан айының 15-күні Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде Жамбыл облысы этностарының мәдениеті мен дәстүрлері күніне арналған «Әралуандық арқылы – бірлікке» атты мерекелік шара өткізілді. Іс-шара көпэтносты Қазақстанға тән барлық мәдениеттердің бірлігі мен достығының нағыз салтанатына айналды.
Бұл мерекеде этнос өкілдері өздерінің озық дәстүрлерін, ұлттық киімдері мен тағамдарын, ата тарихтарынан жеткен асыл мұраларын өздерінің ұрпақтарына дәріптеп, насихаттады. Елімізді мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайтады.
Мерекелік шара барысында қонақтар арнайы тақырыптық алаңдарда өткен Жамбыл облысының этностарының мәдени мұрасымен, салт-дәстүрлерімен танысты. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері халық шығармашылығы, кітаптар, музыкалық аспаптар мен этникалықкостюмдерді көрсетті.
Сондай-ақ, көрермендер этнопсихология бойынша интерактивті тренингке қатысып, картиналар мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелерін тамашалады. Мерекелік іс-шара барысында мұнара алдындағы алаңшада жастарға арналып караоке қойылып, онда түрлі тақырыптарда әндер шырқалды.
Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев пен өңірлік ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Жалил Аббосов құттықтау сөздерін сөйлеп, одан әрідостықты, бірлікті нығайту ісіне елеулі үлес қосқан этномәдени бірлестіктердің басшыларынмарапаттады.
Еркін Құлымбайұлы: - «Бүгінде татулығы мен бірлігі жарасқан Жамбыл облысында 87 этнос өкілдерінің басын қосқан 75 этномәдени бірлестік өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы жолында тынбай еңбек етуде. Достықтың отын жаққан осы 75 ұйымның 30-дан астамы Ассамблея құрамына енген.
Барлығымызға ортақ міндет-мақсат – «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы игі бастамаларды бірігіп іске асыру. Бүгінгі атаулы этнос күні іс-шарасы да осындай игілікті істердің нәтижесі. Біздің Жамбыл облысы Қазақстандағы көпэтносты аймақ болғандықтан осы құндылықты сақтап, нығайтып және болашақ жас ұрпақты шынайы патриотизмге және еліміздің барлық этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге үйретуіміз керек. Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында баршаңызға күш-қайрат, толайым табыстар тілеймін!» - деп, құттықтау тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, мерекелік шара барысында көрермендер арасында спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Бәсекеге түскендер арқан тарту, армрестлинг, дойбы, шахмат, гір тасын көтеру және ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Аталған іс-шараның қызған тұсы концерттік бағдарлама болды. Мерекелік кеште Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері және этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарынан «Тәжік этномәдени бірлестігі», «Немістер қоғамы», «Қытай мәдени орталығы», «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі», «Днипро» украин мәдени орталығы», «Радонеж» Орыстар қауымдастығы қоғамдық бірлестіктерінің вокалдық және би ансамбльдері өнер көрсетіп, көрерменнің көзайымына айналды.
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді