Қыркүйек айында облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Тіл мерейі» байқауы өткен болатын. Байқаудың жеңімпазы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» оқытушысы Гүлназ Кенбаева республикалық байқауға жолдама алған еді.
Жуырда Гүлназ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен өткен қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында «Тіл мерейі-2014» атты республикалық байқауда топ жарып келді. Оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдауды негіз еткен байқауға еліміздің әр өңірінен 16 үміткер қатысқан. Үш кезеңнен тұрған додада жерлесіміз де тіл үйретуде оқытудың техникалық құралдарын қолданып, қазақ тілі сабағы арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру әдістемесін барынша жоғары сапада көрсетуге тырысқан. Нәтижесінде, белгілі ғалымдар мен лингвистерден құралған қазылар алқасы отыз минуттық озық сабағы үшін Гүлназды жеңіске лайық деп тауып, IІ дәрежелі дипломмен марапаттаған. Сондай-ақ, қомақты қаржылай сыйақысын да қанжығасына байлады.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




