ОСК: Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы талапқа сай
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаевтың барлық талапқа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафинаның дерегінше, үміткер «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі отырысының президенттікке ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, өмірбаян деректері, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін тапсырған.
Ұсынылған құжаттарды растау мақсатында Орталық сайлау комиссиясы Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және ҚР Әділет министрлігіне тиісті сұраулар жіберілген.
Оның нәтижелерін баяндаған Сабила Мұстафина үміткердің «ҚР сайлау туралы» Конституциялық Заңының 54 және 56-баптарына сай қойылатын талаптарға толық сәйкес келетінін мәлімдеді.
Тиісінше, Орталық сайлау комиссиясы Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы барлық талапқа сәйкес екенін растайтын қаулы қабылдады.
Айта кетейік, оның кандидатурасын 3 қазанда «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Ал 11 қазанда Бақыт Жаңабаев үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде құжаттарын тапсырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




