- Advertisement -

Көшпенділер ойынында көкпардан олжа салған көкпаршыларға құрмет көрсетілді

115

- Advertisement -

Қазан айының басында Түркияның Изник қаласында өткен ІV Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық спортшылар көкпардан чемпион атанды. Қазақстандық спортшылар финалда Қырғызстан құрамасымен бас жүлдені сарапқа салған болатын. Әлемдік дода өте тартысты өтіп, нәтижесінде, Қазақстан ұлттық құрамасы қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, көкпардан ел құрамасы топтық кезеңде Өзбекстанды 8:1, Моңғолияны 12:2 есебімен жеңді.

Бүгін Түркия Республикасында жалауы желбіреген ІV Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақстандық көкпаршылардың сапында өнер көрсетіп, чемпион атанған қасиетті Жуалы ауданының оғландары Құлажан Тоғайбаев және Ислам Рәтті қабылдап, сый-құрмет көрсеттік.

Көкпар – біздің ұлттық ойынымыз. Көкпарды тек қана жүректі әрі білекті жігіттер ғана ойнай алады. Аттың үстінде өнер көрсету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Көкпардан ұлттық құраманың сапында 12 жігіт болса, соның екеуінің біздің қасиетті Жуалы өңірінен болуы да біз үшін үлкен мақтаныш.

Абыройларыңыз асып, азаматтық беделдеріңіз жоғарылай берсін. Елдің абыройын әрі қарай да асқақтата беріңіздер. Сіздерді жеңістеріңізбен өз атымнан және аудан жұртшылығының атынан құттықтай отырып, күш-қайрат және амандық тілейміз.

 

Жуалы ауданының баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support