Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 14 қазан, 2022
- 592
Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков 1983 жылы 25 желтоқсанда Жамбыл (Тараз) қаласында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Стандарттау, сертификация және метрология» мамандығы бойынша; «Тараз» институтында «Экономика» мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасында Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәлім алды.
2016 жылы Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссиясының шешімімен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігін иеленген.
Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Мемсанэпидқадағалау департаментінің Тараз қаласы бойынша аумақтық басқармасының маманы лауазымынан бастады.
2007-2009 жылдары - Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды.
2009-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінде сарапшы, бас сарапшы.
2011-2019 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, бас консультант - бас мемлекеттік бақылаушысы, бас консультант-мемлекеттік аудиторы, сектор меңгерушісі.
2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың наурызына дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары.
2020 жылдың наурызынан 2022 жылдың қазанына дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті директоры.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 21-6 шешіміне сәйкес Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.
Есеп комитеті Төрағасының құрмет грамотасы, I-дәрежелі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының үздігі» төс белгісі, III-дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл»мерекелік медалімен наградталған.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді