Қордайлық спортшы әлем чемпионы

Қордайлық спортшы әлем чемпионы
ашық дереккөз
Қордайлық спортшы әлем чемпионы
Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында кикбоксингтен жастар арасындағы әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемнің мықты спортшылары бақ сынаған айтулы додада Қордайдағы №17 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Исмаил Лушанло чемпион атанды. Сондай-ақ Ислам Маянху, Шамиль Фушанло күмістен алқа тағынды. Сонымен қатар осы күні Ақтау қаласында самбодан Азия кубогында 80 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде қордайлық Гули Магарипова ІІІ-орынды жеңіп алып, олжамен оралды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі Мәден Мұсаев қабылдап, алғыс айтып, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.  

Есет ДОСАЛЫ

Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар