Жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 12 қазан, 2022
- 258
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Жанар Мықтыбекқызы Оспанова облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жанар Мықтыбекқызы 1977 жылы туған. Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша және интернатураны, «Мирас» университетін «менеджмент», «Нархоз университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамын «іскерлік әкімшілік» мамандықтары бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты (2010 ж.).
Ол еңбек жолын 2000 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің терапия бойынша интернатурасында терапевт болып бастаған.
Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық фармецевтикалық академиясының ішкі аурулар факультеттік терапия және пропедевтика кафедрасының оқытушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық емханасының дәрігер-терапевті, бас аудандық терапевті, Шардара орталық аудандық ауруханасының бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары, Шардара аудандық орталық емханасының бас дәрігері, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан облысының қоғамдық денсаулығы басқармасы басшысының орынбасары, «Жанұя» қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясы» және «Салауатты Астана алғашқы медициналық-санитарлық көмек клиникасы» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.
2021 жылғы мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Меркі аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымында еңбек етіп келді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді