Үміткерлер мемлекеттік тілді еркін меңгерген
ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Президенттікке үміткерлер Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен және Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілді білуі бойынша емтихандар тапсырды. Лингвистикалық комиссия кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін үш бағыт бойынша анықтады: шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу, кандидаттың таңдаған тақырыбына көпшілік алдында сөз сөйлеуі.
Кандидат Жигули Дайрабаевтың жазба жұмысы «Менің елім, менің жерім» тақырыбында болды. Екінші тапсырма бойынша Абайдың өлеңдерін оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Күшіміз – бірлікте» тақырыбында өз ойын айтты.
Кандидат Мейрам Қажыкеннің жазба жұмысы «Қазіргі заманғы жаһандық мәселелер» тақырыбында болды. Екінші тапсырма бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбына өз ойын баяндады.
Кандидат Нұрлан Әуесбаев «Түркістан – ер түріктің бесігі» тақырыбына шығарма жазды. Екінші тапсырма бойынша Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Ана тілім – асыл қазынам» тақырыбына ойын ауызша баяндады.
Жазба жұмыстары мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Кандидаттар берілген уақытты толық пайдаланды. Емтихандар қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия ҚР Президенттігіне кандидаттар Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен және Нұрлан Әуесбаевтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендіктері туралы ашық дауыспен бірауыздан шешімдер қабылдады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




