Ірі жобалар іске асады
2022-2025 жылдары Шу ауданында құны 189,1 миллиард теңгені құрайтын 148 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұдан бөлек, өнеркәсіп саласында 45 жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аудан әкімі Сәкен Арубаев айтты. Оның сөзінше, келешекте аудан көлемінде жүзеге асатын 6 ірі инвестициялық жоба аясында 580 жұмыс орнын ашу көзделуде. – Ағымдағы жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң өзгеріс қалыптасты. Атап айтқанда, өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі де, құрылыс жұмыстары да жоспардан асырылып орындалды. Келешекте ауданда 6 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл жобалардың үшеуі келер жылы, ал екеуі 2024 жылы іске қосылмақ. Ал бір жоба яғни, «Zhanashyr projekt» жобасы 2025 жылы қолға алынады. Дәл осы ірі жобаның аясында 580 жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз, – деді Сәкен Қаланұлы.
Басқосу барысында сондай-ақ елді мекендерді ауыз су және көгілдір отынмен қамтамасыз ету, тұрғындарды баспанамен қамту, әлеуметтік нысандардың дер кезінде пайдалануға беру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен сөз болды. Айта кетейік, «Асар» жобасы аясында ауданда бүгінгі күнге дейін 9 баспана берілген. Ал биыл жоба шеңберінде 4 үй тапсырылып, 7 үйді беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен биыл 42 маман тұрғын үйге қол жеткізген.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді