Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының тұрғындарын ордендер мен медальдармен марапаттады
- author «Ақ жол»
- 5 қазан, 2022
- 745
Мемлекет басшысы Қарағанды облысының тұрғындарын ордендер мен медальдармен марапаттады
Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Қарағанды өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы №1030 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
«Құрмет» орденімен «Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы – оқытушысы Эльмира Қайырқызы Әлиева; «Құрмет» орденімен «Қарағанды облыстық клиникалық аурухана» КМК бөлімше меңгерушісі Евгений Семенович Морозов; III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы Алексей Александрович Берг; «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Тентек» шахтасының учаске бастығы Артём Иренғайыпұлы Қасымов; «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы Ләззат Таймырқызы Қожахметова; «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Kazakhmys Coal» ЖШС «Горный» учаскесінің машинисі Александр Владимирович Комарда наградталды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




