«Aq jol»-дың арқасында аула клубымыз болады»
Басылымның ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде шыққан санында журналист Эльвира Жарылқасынованың «Aq jol» мәселе көтереді» деген айдармен, «Ауылдықтар неге алаңдайды?» тақырыбымен мақаласы жарық көрген болатын. Біз ауыл тұрғындары атынан газет редакциясына бұрынғы мектеп ғимаратын аула клубы ретінде беру жайын қозғап қайырылған едік. Енді міне, мақала шыққан соң көп ұзамай облыстық білім басқармасынан «Диқан орта мектебінің ескі ғимаратын жергілікті халықтың сұранысына байланысты қолданыстағы заң аясында қарап, аудандық «Аула клубының» №2 филиалына пайдалануға берілуіне қарсы емес екендігін мәлімдейді» деп жазылған жауап хатын қолымызға алып, ерекше қуанудамыз. Ендігі кезекте штат мәселесі де көп ұзамай өз шешімін табады деген сенімдеміз.
Болашағымыз – балаларымыздың білімді, салауатты өмір салтын ұстанған, жан-жақты азамат болып өсулеріне септігін тигізетін бұл істің оңды шешілуіне ықпал еткен облыстың бас басылымының ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Биыл алғашқы нөмірі жарық көргеніне 100 жыл толып отырған ақсақал газет әрдайым халық үніне құлақ асып, ел алғысына бөлене берсін!
Ауыл тұрғындары атынан
Ғани БЕКБАЕВ.
Диқан ауылы,
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




