«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Нұрлы жол: жалпыхалықтық ғасыр құрылысы

Нұрлы жол: жалпыхалықтық  ғасыр құрылысы
ашық дереккөз
Нұрлы жол: жалпыхалықтық ғасыр құрылысы

«Реджува Сил» – жабынды сапасын арттырады

«Жол – мемлекеттің бет-бейнесі».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында еліміздегі автомобиль жолы саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл бағытта облысымызда елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. 2013-2014 жылдары аралығында облысымыздың жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге және күтіп ұстауға барлық бюджет көздерінен 12,991 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,7 миллиард, жергілікті бюджеттерден 10,291 миллиард теңге бөлініп, жөндеу жұмысымен 793,1 шақырым жол қамтылды. Оның 38,8 шақырымы – күрделі, 754,3 шақырымы орта жөндеу. Үстіміздегі жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендер көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға бюджеттен 6,8 миллиард теңге қарастырылды. Оның ішінде 2,5 миллиард теңге облыстық маңыздағы автожолдарға, 2,5 миллиард теңге аудандық маңыздағы автожолдар мен көшелерге, ал, 1,8 миллиард теңге Тараз қаласының көшелеріне жұмсалды. Осы қаржы есебінен үстіміздегі жылы 18,8 шақырым жолға күрделі, 357,4 шақырым автожолдар мен көшелерге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Басқармаға қарасты облыстық маңызы бар автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға қарастырылған қаражат есебінен биыл 126 миллион теңгеге 8,8 шақырым жолды – күрделі, 1,8 миллиард теңгеге 112 шақырым автожол мен 4 жасанды ғимаратты орта жөндеу және 518 миллион теңгеге автожолдарды ағымды жөндеу мен күтіп ұстау көзделді. Қазірге дейін мемлекеттік сатып алу конкурстарында жұмыстарды ұтып алған мердігерлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстары бойынша 91800 шұңқырлықты тегістеп, 391 дана жаңа жол белгілері, 618 дана белгі беру бағаналары, 860 қума метр жол бойы және көпірлердегі қоршауларды орнату, 120 шаршы метр жол жамылғысына осьтік таңба салу жұмысы орындалды. Сонымен қатар 17 нысан бойынша автожолдарды күрделі және орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Еліміз тәуелсіздік алған кезде облысымызда тұңғыш рет ұзындығы 28,8 шақырым «Қаракемер-Қарасай» автомобиль жолы салынған болатын. Қарасайлықтардың өтініші бойынша 2012 жылы оны күрделі жөндеу қолға алынды. Осы жауапты жұмыс облыстағы ірі әрі әлеуетті компанияның бірі – «Инвест компания МК» ЖШС-на жүктелді. Сәтбай Қожамқұлов жетекшілік ететін кәсіпорын бұл жұмысты көңілдегідей атқаруда. Компания еңбек өнімділігін арттыру және артық шығындарды қысқарту үшін аталған жол бойына асфальт зауытын орнатты. Ол қазір олардың ғана емес, бүкіл ауданның игілігіне айналуда. Сәтбай Қожамқұлов биыл «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автожолының бойында да жаңа асфальт зауытын іске қосты. Бүгінде кәсіпорын «Қаракемер-Қарасай батыр» автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтап келеді. Бұған қоса биыл Байзақ ауданында «Мырзатай-Сарыкемер» автомобиль жолының 0-8,95 шақырымы жөнделіп, «Бурыл-Құмжота» автомобиль жолының 1+240 шақырымындағы су өткізу құбыры, «Бурыл-Құмжота» автомобиль жолының 1+250 шақырымында су өткізу құбыры, «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автомобиль жолындағы 50+700 шақырымында су өткізу құбыры орнатылды. Мойынқұм ауданында «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының 54-76 шақырымы орта жөндеуден өткізілді. «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының 76-95 шақырымы, осы бағыттағы жолдың 95-115 шақырымы орта жөндеуден өткізілуде. Белгіленген жұмыс келесі жылы аяқталады. Шу ауданында «Оразалы батыр-Көкқайнар» автомобиль жолының 0-11 шақырымын жөндеу қолға алынды. Оның құрылысы келесі жылы бітеді. «Кемер-Бірлік-Үстем» автомобиль жолының 0-1,7 шақырымы орта жөндеумен қамтылды. «Төле би-Шоқпар» автомобиль жолының 15-30 шақырымындағы орта жөндеу келесі жылы ел игілігіне беріледі. Жамбыл ауданында «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» автомобиль жолының 23-28 шақырымында орта жөндеу жүргізілді. Қордай ауданындағы «Отар-Сұлутөр-Көктөбе» автомобиль жолының 42-59,2 шақырымы жөнделді. Т. Рысқұлов ауданында «ст. Луговая-Қорағаты-Тәтті» автомобиль жолының 0-21 шақырымындағы жөндеу жұмысы 2015 жылы бітеді. Құрылысы 2013 жылдан жүргізіліп келе жатқан «ст. Луговая-Қорағаты-Тәтті» автомобиль жолының 21-43 шақырымы ел игілігіне берілді. Сарысу ауданында биыл жөнделген «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» автомобиль жолының 176-186 шақырымы жолаушыларды қуанышқа бөледі. Жуалы ауданында «Б.Момышұлы-Көлтоған-Қошқарата-Қызтоған» автомобиль жолының 61+700 шақырымында су өткізу құбыры орнатылды. Аталған жұмыстарға 9 мердігерлік ұйым тартылды. Облыста кейінгі кезде жол құрылысымен шұғылданатын компаниялар көбейіп келеді. Қазір бізде материалдық-техникалық базасы нығайған осындай 30-ға жуық кәсіпорын бар. Олар кейінгі кезде өздерінде асфальт-бетон зауытын орнатып, қуатты техника сатып алуда. Мұның өзі еңбек өнімділігін арттырумен қатар жұмыс сапасын жақсарта түсуге игі ықпалын тигізуде. Қазір барлық нысандарға техникалық қадағалаушы бекітілген. Олар тұрақты нысан басынан табылып, орын алған кемшіліктерді шұғыл түзетуге күш салуда. Кейінгі кезде ауыр жүк көліктерінің саны мен олардың жүру жылдамдығы артқан сайын жол жабындысының мерзімінен бұрын тозуы байқалуда. Сондықтан жол жөндеу жұмыстарында қолданылатын материалдардың сапасы қатаң сынға алынуда. Басқарма бастамасымен үстіміздегі жылы жол жабындысының қорғаныс қабаты құрылғысына баламалы әдіс ретінде сынамалық негізде облыстық маңызы бар «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» автожолының 5 шақырымына жол жабындысының жаңа «Реджува Сил» технологиясы қолданылды. Ол қорғаныс қабаты эмульсиялық-минералдық қоспа ретінде жол жабындысының ұзақ уақыт сақталу қасиетін арттырады. Бұған қоса жолды табиғат факторларының теріс әсерінен сақтайды. Қабаттың қалыңдығы – 2-3 миллиметр. Жабындының бұл түрін өте қысқа мерзімде (5-6 сағат) төсеуге болады. «Реджува Сил» АҚШ, Жапония және Германия елдерінде кеңінен қолданылып, елеулі тиімділікке қол жеткізуде. Жұмыс сапасын арттыру мақсатында 2011 жылдан бастап әрбір нысан басында техникалық қадағалаушылармен қатар тәуелсіз авторлық бақылаушылар да тартылған. Көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль жолдары комитеті тарапынан 2006 жылдан бастап ашылған «Жамбылжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесі жол құрылысына қолданылатын барлық құрылыс материалдарының сапасын растайтын сараптама қорытынды жүргізеді. Құрылыс ережелері мен нормаларына сәйкес келмейтін материалдарды қолдануға тыйым салынады.

Бақытжан Жәнібеков, облыс әкімдігі құрылыс, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар