Қалада ХҚКО ашылады  

Қалада ХҚКО ашылады   
ашық дереккөз
Қалада ХҚКО ашылады  
Биыл Шу қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылатын болды. Аудан әкімімен кездесуде тұрғындар халқы көп қалада осындай орталық ашу туралы ұсыныстарын жеткізген болатын. Бұл бастама қолдау тауып, бүгінде қала әкімдігінің ғимаратынан ХҚКО ашу жұмыстары басталып кеткен. Осылайша, қаладағы 40 мыңға жуық тұрғынның түрлі мемлекеттік қызметтерді аудан орталығына сабылмай-ақ қол жеткізуіне мүмкіндік тумақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан орталық қараша айының аяғына дейін ашылып, ел игілігіне берілмек.

Ұқсас жаңалықтар