Қажымас қазыналарым
Жастық деген егделерге арман ән,
Ешкім бірақ мәңгі жас боп қалмаған.
Алға жүзген кемесінде жалғанның,
Қажымайтын, қартаймайтын бар ма адам?Әр таяды, қартаяды бәрі де,
Сан тербеліп сары күздің әніне.
Жас кезінде ғибрат жия білгендер,
Айналады ел мен төрдің сәніне.
Ақсақалдар ақылшымыз әрдайым,
Мәз боп қалар сұрап тұрсақ хал-жайын.
Қасиетті қарттарымды қастерлеп,
Мен де енді ән-жырымды арнайын.
Әр халықтың Алатаудай қарттары,
Шежіресі, абыройы, мақтаны.
Сол қарттардың ақ батасы секілді,
Әрбір күннің арайланған ақ таңы.
Қариялар қай кезде де керек шын,
Жолдарына өмір гүлін көп ексін.
Үлгі болып жүретұғын жастарға,
Қазыналы қарт болғанға не жетсін!
Бақытжан ӘЛІҚҰЛОВ.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




