- Advertisement -

Облыс әкімінің назарында

93

- Advertisement -

Кеше таңертең Тараз қаласындағы «Береке» базарында орын алған өрт оқиғасына
қатысты облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы өрттен болған шығын мен салдарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

Зардап шеккен сауда нысандарының иелеріне заң аясында қолдаулар мен көмектер көрсетілетін болады. Жауапты органдар және тиісті мамандармен оқыс оқиғаның себебі анықталуда.

Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккен адамдар жоқ.

Бұл орайдағы барлық шаралар облыс әкімінің жеке бақылауында.

Айта кетейік, ағымды жылдың 30 қыркүйегінде, сағат 07:52 шамасында Тараз қаласындағы «Береке» базарының аумағындағы өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жау жалпы 600 шаршыметр (асхана, пластиктен жасалған 22 сауда нысаны және 4 контейнер) аумақты қамтыған.

Өрт сағат 08:30-да ауыздықталып, 09:04-те толығымен өшірілді. Жалынды сөндіруге 56 төтенше жағдай қызметкері мен 13 техника жұмылдырылған.


Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support