Мен қарапайым қарттарды сүйем
Мен қарапайым қарттарды сүйем,
Heдеген керім еді!
He біледі осы жұрт, не біледі?!
Бабалардың баласы – қариялар,
Сиреп бара жатқандай көрінеді.Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,
Қанеки, нелерің бар, салтқа жарар?
Қанеки, нелерің бар, Аталарым?
Ұрпағыңа ұран қып апарамын.
Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,
Сендердің мұрагерің атанамын.
Осылай деп қарттардан қалап келем,
Өнеге, өсиетін санап көрем.
Санап көрем... тоймаймын... сұранамын,
Себебі мен де бір күн жауап берем.
Қарттар бізді тастайды-ау, күйінемін,
Ой, өмір-ай, неғылған қиын едің?!
Сондықтан да садақ боп иілемін,
Сауыт болам, тек қана киіне біл...
Мұқағали МАҚАТАЕВ.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




