Битум сапасы ерекше бақылауда

Битум сапасы ерекше бақылауда
ашық дереккөз
Битум сапасы ерекше бақылауда
Битум болмаса, тақтайдай тегіс, сапалы асфальт жолды көз алдыңа елестетудің өзі қиын. Сол себепті, жол құрылысына аса қажетті осы материалдың тозуға төзімділік көрсеткіштері, үйлесімділігі мен қолдануға ыңғайлылығы маңызды рөлге ие. Олай болмаған жағдайда, амалдың жоқтығынан қыруар қаржыны ысырап қылып, жолды қайтадан жөндеуге тура келеді. Аймақтағы «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығында» жүргізілген зерттеулер сараптама нәтижесінде, битум қоймаларынан алынған 3 сынама ену индексі бойынша талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды. Бұл 150 тонна битумды құрайды. Жалпы, өңірдегі битум қоймаларынан 79 сынама алынды.

Ұқсас жаңалықтар