- Advertisement -

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

39

- Advertisement -

Қала күніне орай 1 қазан күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бұрынғысынша орталық алаңда өтеді. Бұл бастама тұрғындардың өтініші негізінде жасалып отыр. Бұған дейін жәрмеңке «Grand Bazaar» сауда орталығында ұйымдастырылған.

Жәрмеңкеде облысымыздың 10 ауданы мен Тараз қаласының 180 мың келіге жуық өнімі ұсынылады. Атап айтқанда, ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой, құс) 18 мың келі, сүт өнімдері 2 600 келі, жұмыртқа 6 мың дана, макарон өнімдері 4 мың келі, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері 129 мың келі, т.б.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын жәрмеңкеде барлық азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада ұсынылады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support