Жолдың сапалы болуы – бәрінен маңызды
Жолдың сапасын жақсарту – бүгінгі күннің талабы. Өңірлік «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығының» мамандары жол желісі бойынша жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардан кейін асфальтбетон жабындысын қалпына келтіруде қолданылатын материалдардың сапасына жіті назар аударуда. Дәл осы бағытта жалпы құны 129,3 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, ағымдағы жылдың 8 айында автожол жобаларының 80 пайызын қамтылды. Есепті кезеңде 112 инспекциялық тексеру жұмыстары жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 492-ден астам жол-құрылыс материалдарынан сынамалары алынып, олардың 93-і немесе 20 пайызы белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып отыр.
Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мұндағы басты мәселе - асфальтбетон жабынының сапасыздығы. Бұл кейбір мердігерлердің әлі күнге дейін жолдың сапасына тым немқұрайлы қарайтындығын аңғартады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




