Жуалы
Аудандық «Достық» мәдениет үйінде облысымыздың 75 жылдық мерейтойына орай Жамбыл ауданының өнер күндері өтті. Онда көрші ауданның мәдени жетістіктері паш етілді. Аудан тұрғындарына ұсынған концертті бишілер «Қазақ» биімен ашты. Қыздардан құралған «Үміт» триосы сазгер С. Бәйтерековтің «Кел, билейік», Т. Серіковтің «Асыл еркем» әндерін нақышына келтіре шырқады. Сондай-ақ, көрермендер «Әдемі-ай» қыздар дуэтінің орындауындағы «Аса алтын бесігім» әнін (әні, сөзі А. Қырықбаевтікі) жылы қабылдады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтті
- 25 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




