Ұлы Отан соғысына шағын ғана Күнбатыс-1 ауылынан елу шақты азамат аттанған болса, олардың көбі майдан даласынан қайтпаған. Тіпті, «Боздақтар» естелік кітабына есімдері енбей қалғандары да бар. Бүгінде жасы жетпістен асса да дәрігерлік қызметтен қол үзбеген Есімқұл Халықбаев ақсақал соғыс құрбандары болған жерлестері туралы деректерді талмай іздестірумен келеді. Оның өз әкесі Сүгірбаев Халықбай да соғыста хабарсыз кеткендердің бірі. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы таяп келеді. Осыған орай ауылымыздың төрінен Жеңіс сарбаздарына арнап ескерткіш орнату парызымыз. Онда соғыстан қайтпаған жиырма екі адамның аты-жөні тасқа қашалып жазылуы тиіс», – дейді ол. Қарияның бұл бастамасы ауыл тұрғындары тарапынан қызу қолдау тауып, бірқатар қалталы азаматтар сауапты іске демеушілік жасауды ұйғарыпты.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтті
- 25 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




