Тілге құрмет – елге құрмет
Тіл – ұлт айнасы. Осы ретте халқымыздың алтын қазығы – мемлекеттік тілді ұлықтау, оған құрмет көрсету мақсатында облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігі Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйімен бірлесіп «Тіл – ұлттың жандүниесі» атты фестиваль өткізді. Еліміздегі тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және бәсекеге қабілетті жастарды қолдау, «этносаралық және конфессияаралық келісім» тобындағы «Бейбітшілік пен келісім» жобасын қолдау мақсатында өткен шараға қатысушылар асқан белсенділік танытты.
Ең әуелі этномәдени бірлестіктердің мерекелік концерттік бағдарламасы бойынша «Бір шаңырақ астында» атты қойылым сахналанды. Келесі кезекте «Әдемі-ау» халықтық би ансамблінің орындауында «Домбыра», тау халықтарының «Лезгинка» билері, «Сударушка» халықтық-фольклорлық ансамблінің орындауында Н.Есембаевтың «Сәлем» әні, сондай-ақ неміс, татар этномәдени орталықтарының орындауында халықтық билері көрермен назарына ұсынылды.
«Aq jol»-Aqparat».
Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




