Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №6 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті
- author «Ақ жол»
- 22 қыркүйек, 2022
- 941
Алдымен, округ инспекторы С.Үсіпбеков 2021 жылы округте атқарылған жұмыстар жайын баяндады:
- И.Панфилов көшесі бұрылыстарымен, С.Дәненұлы, Сеченов көшелері (2,7 шақырым) орташа жөндеуден өтті;
- М.Х.Дулати көшесінің 1,2-бұр., Кондратьев, Тюленин көшелері сыртқы жарықтандырылды;
- Жаңа үлгідегі 7 аялдама орнатылды;
- «Анаға тағзым» орталығы бой көтерді;
- Қоқыс алаңшаларына 56 жаңа контейнер қойылды;
- 2 үстел теннис залы пайдалануға берілді, т.с.с.
Тұрғындар аталған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, шешімін табуы тиіс мәселелерді де қозғады.
Жеке сектор тұрғындары С.Дөненұлы көшесі, 47 мекенжайындағы су құбырының жарылғанын айтып, бұл мәселесін шешіп беруді сұрады. Өз кезегінде "Тараз Су" басшылығы аталған су құбыры желілерінің иесі жоқ болғандықтан, жөндеу жұмыстарын жүргізу тұрғындардың өз жауапкершілігінде екенін жеткізді.
Ал шаһар басшысы қаланың барлық су құбыры желілері "Тараз Су" МКК-ның жіті бақылауында болуы тиіс екенін айтып, аталған мекенжайдағы мәселені тез арада шешуді тапсырды.
Айта кетейік, облыс орталығында ирригациялық желілердің ұзындығы шамамен 660 шқ құраса, оның 70% жөндеуді қажет етеді.
Сондай-ақ, кездесуде округтегі қураған ағаштарды шығару және қаңғыбас иттер мәселесін шешу сынды сұрақтар да көтерілді. Бақытжан Әмірбекұлы қала тазалығына жауапты "Жасыл Ел-Тараз” мекемесіне бұл мәселені жедел шешуді жүктеді.Тұрғындарды толғандырған тағы бір мәселе - жеке кәсіпкерлік нысандарда көлік тұрағының болмауы. Қала әкімі жеке аумақты абаттандырумен кәсіпкерлердің өздері айналысуы керек екенін айтты.
Кездесуде әрбір тұрғынның өтініші назарға алынып, көтерілген сауалдар бойынша хаттама толтырылды. Бақытжан Әмірбекұлы әр мәселені жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




