Инвестициялық штабтың жұмысы жалғасуда

Инвестициялық штабтың жұмысы жалғасуда
ашық дереккөз
Инвестициялық штабтың жұмысы жалғасуда
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді.  width= Отандық және шетелдік компания өкілдері ағынды суларды биологиялық тазарту, қуаттылығы 300 МВт күн электр стансасын салу, кірпіш зауытының құрылысын жүргізу бойынша жобаларын ұсынды.  width= Инвесторларға қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, салық салу жүйесіндегі преференциялар тұрғысынан мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді.  width= Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға әрбір жобаны жан-жақты зерттеп, қолданыстағы заңнама аясында инвесторларға көмек көрсетуді тапсырды.
– Жергілікті атқарушы органдар қажетті көмектер мен қолдауларды көрсетуі керек. Инвестициялық штаб сол үшін құрылған. Барлық ұсынылған жобалардың тиімділігі жан-жақты зерттелуі керек. Олардың әрқайсысы назарда болуы тиіс, - деп тапсырды Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас жаңалықтар