Қаламгерге құрмет

Қаламгерге құрмет
ашық дереккөз
Қаламгерге құрмет
Жуырда танымал қаламгер, сатирик ақын Бақытжан Әлімқұловтың «Қоянның құлағы неге ұзын, құйрығы неге қысқа» кітабы жарық көрген болатын. Кітаптың шығуына Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов демеушілік жасапты. Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлының қолдауымен Байзақ аудандық кітапханасында Бақытжан Советұлының жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың тұсауын кесу құрметіне ҚР еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан мен ақын, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Қасқырбай Нарбатыр ие болды. Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулет сөз сөйлеп, жаңа кітап туралы айтса, әнші-композитор ҚР Мәдениет саласының үздігі Сәрсенбек Бәкір тамаша әндерін шырқады. Бақытжан Советұлы іс-шара соңында сөз алып, бірнеше жаңа жырларын оқып берді. Сондай-ақ жаңа кітабының тұсаукесерін жасап берген байзақтықтарға алғысын білдірді.  

Есет ДОСАЛЫ

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар