Таластықтар биылғы ауа райының қуаңшылығына қарамастан ақ егістің әр гектарынан 10 центнерден өнім жинады. «Қалауын тапса, қар жанар» демекші, алынған астығын көңілдеріне тоқ санаған дихандар келер жылдың өнімі үшін 2277 гектарға күздік себуді жоспарлаған.
– Астық дәні негізінен Көсегенің көк жонына себілді, – деді аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубай, - Қасқабұлақ ауылы – 500, Қаратау ауылы – 1200 және Берікқара ауылдық округінің шаруалары 1800 гектар алқапқа күздік бидайдың дәнін тастап үлгерді. Биылғы жауын-шашынның молдығынан дер кезінде жерге тасталған дәннің өсіп-өнуі көңіл қуантарлықтай. Әрине бұл жақсы, енді таластықтар 500 гектар жердің сүдігерін көтеруде. Бұл жұмыс та таяу уақытта аяқталуы тиіс.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы бюджеті: жоспарлау, кіріс пен шығысты басқару
- 22 қаңтар, 2026
Ет те көп, сүт те көп
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




