Жаңалықтар
«Jambyl» телерадиоарнасының директоры болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 20 қыркүйек, 2022
- 875
«Jambyl» телерадиоарнасының директоры болып тағайындалды
Гүлбаршын Қайратқызы Құланбаева «JAMBYL» телеарнасының директоры болып тағайындалды.
Гүлбаршын Қайратқызы 2001-2006 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ- нің «Әлем тілдері» факультетінде оқып, бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалында редактор болып бастаған.
2014 жылға дейін аталған мекемеде аға редактор, шеф редактор қызметтерін атқарған.
2014-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппараты баспасөз қызметінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі болып еңбек еткен.
2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылы «ZhambylNews» ақпараттық агенттігінің бас редакторы қызметін атқарған. Г. Құланбаева Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаты, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
2020 жылдың 26 қазанынан бүгінгі күнге дейін «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің басшысы қызметін атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




