Бірлескен іс-шара барысында тұрғылықты мекенжайында болмаған 7 сотталған анықталды

Бірлескен іс-шара барысында тұрғылықты мекенжайында болмаған 7 сотталған анықталды
ашық дереккөз
Бірлескен іс-шара барысында тұрғылықты мекенжайында болмаған 7 сотталған анықталды
Таразда пробация қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерді. «Пробация» жедел профилактикалық іс-шара аясында түнгі мезгілде тұрғылықты мекенжайында болмаған 7 сотталған анықталды. Бұзушылыққа жол берген сотталғандар пробация бөліміне шақыртылып, түсініктеме алынды. Олар өздерінің кінәларын толығымен мойындады. Жаза өтеу шарттары мен сот жүктеген міндеттерді өрескел бұзған сотталғандарға тәртіптік жазалау шарасы қолданылды. Айта кетейік, жаза өтеу тіртібі мен сот жүктеген міндеттерді бірнеше рет өрескел түрде бұзып, пробация қызметінің талаптарын орындаудан бас тартқаны үшін, осы сотталғандарға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыным сот қарауына жолданды.

Ұқсас жаңалықтар