Өмірден түйгенім көп. Жастайымнан еңбекпен біте қайнасып өстім. Қара жұмыс, таза жұмыс демедік. Әкеміздің, анамыздың тәрбиесімен бар тірлікке бейім болдық. Еліміз тәуелсіздігін алған күннен бетте-ақ, жұмыссыз қалдық деп, қол қусырып отырмадық. Ағайын болып мал өсірдік, ет саттық, мүйізді ірі қараны көптеп жинап, бұзаулатып, аналықтарын сауып, сүтінен құрт, ірімшік, май жасап саттық. «Ақ бұлақ» атты дүкен аштық. Қала халқы мен біраз жабық мекемелерді сүт өнімдерімен қамтамасыз еттік. Кейінірек Үкіметтен несие алып «Құдаша» атты мейрамхана соқтық. Қазақы үй тігіп, қосымша бөлмелер соғып, барлығын ұлттық салт-дәстүрге сай лайықтап, мәзірхана салып, оны дамыттық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайтынына анық көзіміз жетті. Биылғы жылы Моноқалаларды дамытуға арналған бағдарламаға сәйкес орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесі бойынша 30 миллион теңге несие алып, қала шетінен 450 адамға арналған мейрамхана құрылысын бастаған едік. «Ой, бір мейрамханаң бар, айдаладан соққаның не?» деушілер де болмай қалған жоқ. Тәуекел дедік. Себебі, күнделікті сезіп келеміз, ел тұрмысы түзеліп келеді. Жәй күннің өзінде қаладағы мейрамханалар босамайды. Қалада өндіріс ошақтары қайта жандануда. Ендеше халыққа той-томалақ өткізетін орындар көптік етпейді деп шештік. Онымызға өкінбейміз.
Марат ЕРКІНӘЛИЕВ, кәсіпкер.
Қаратау қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




