Премьер-Министр Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысын тексерді

Премьер-Министр Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысын тексерді
ашық дереккөз
Премьер-Министр Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысын тексерді
Жұма, 16 қыркүйекте, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.  width= Әлихан Смайылов бірінші кезекте Әулиекөл ауылына барып, алапат орман өрті салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арнап салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысымен танысты.  width=Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 га аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсысының ауданы – 100 шаршы метр. Сондай-ақ үйлердің маңайындағы жер учаскелеріне (10 сотықтан) барлық қажетті инфрақұрылым – газ, су, электр энергиясы жүргізіледі. Үйлерге апарар жолдарға асфальт салынады.  width=Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, ҚазҚСҒЗИ жобалау институты тұрғынжайларды су басудың алдын алу мақсатында геологиялық ізденістер негізінде іргетастарды жерасты суларынан 2,5 м қашықтықта орнату бойынша жоба әзірледі.  width=7 қыркүйекте 13 мердігерлік ұйым құрылыс жұмыстарына кірісті. Бүгінгі таңда барлық үйлерге арнап қазаншұңқырлар қазылды, 55 учаскеде іргетас құйылып, екеуінде іргетас блоктарын орнату аяқталды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша алаңда орнатылған бейнекамералардың арқасында құрылыс барысы онлайн режимде бақыланып отыр.  width=Премьер-Министрдің айтуынша, барлық қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Үкімет 2,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлгенін атап өтті.  width=«Қазір әкімдік пен мердігерлердің алдында құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде – 2 айда сапалы аяқтау міндеті тұр. Бұл мәселе Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында. Сондықтан тапсырмаға аса  жауапкершілікпен қарау керек», — деді Әлихан Смайылов мердігер компаниялардың өкілдеріне.  width=Содан кейін Премьер-Министр Әулиекөл ауылындағы мектеп базасында құрылған эвакуациялық пунктке барып, зардап шеккендермен кездесті.  width= «Тұрғындардың алапат табиғи өрттердің салдарынан қандай қиын жағдайға тап болғанын білеміз. Осындай қиын сәтте мемлекет барлық қажетті қолдауды жылдам көрсетті. Бұл жұмыс жалғасады», — деді Әлихан Смайылов. Үкімет басшысы Президенттің тиісті тапсырмалар беріп, жағдайды жеке бақылауына алу үшін оқиға орнына арнайы келгенін атап өтті.
«Осындай қиын-қыстау кезеңде сабырлық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ халқымыздың бірлігін көрсетіп, отандастарына қол ұшын созған барлық қазақстандықтарға да алғыс білдіргім келеді», — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде қауіпсіз жерлерге көшірілген тұрғындар мемлекеттің назар аударып, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.  

Ұқсас жаңалықтар