Жаңалықтар
ҚР Жамбыл облысы мен РФ Ленинград облысы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2022
- 575
ҚР Жамбыл облысы мен РФ Ленинград облысы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған Жамбыл облысының делегациясы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына келді.
Жұмыс сапары аясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті.
Нұржан Нұржігітов жылы шырайда қарсы алған Ленинград облысының губернаторына ризашылығын жеткізіп, екі ел ғана емес, өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың кеңейе түсетініне сенім білдірді.
2021 жылы Жамбыл облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 263,2 миллион АҚШ долларын құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 40,3 пайызға артқан. Оның ішінде экспорт 45,1 пайызға өсіп, 76,3 миллион АҚШ долларын, импорт 38,4 пайызға өсіп, 186,9 миллион АҚШ долларын құраған. Ресейге экспортталатын негізгі тауарлар – минералды және химиялық тыңайтқыштар, бейорганикалық химия өнімдері, ферроқорытпалар, көкөністер. Ал, көрші елден жеткізілетін негізгі тауарлар қатарына қара металл бұйымдары мен тоқыма материалдары жатады.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Жұмыс сапары аясында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденкомен кездесті.
Нұржан Нұржігітов жылы шырайда қарсы алған Ленинград облысының губернаторына ризашылығын жеткізіп, екі ел ғана емес, өңірлер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың кеңейе түсетініне сенім білдірді.
2021 жылы Жамбыл облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымы 263,2 миллион АҚШ долларын құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 40,3 пайызға артқан. Оның ішінде экспорт 45,1 пайызға өсіп, 76,3 миллион АҚШ долларын, импорт 38,4 пайызға өсіп, 186,9 миллион АҚШ долларын құраған. Ресейге экспортталатын негізгі тауарлар – минералды және химиялық тыңайтқыштар, бейорганикалық химия өнімдері, ферроқорытпалар, көкөністер. Ал, көрші елден жеткізілетін негізгі тауарлар қатарына қара металл бұйымдары мен тоқыма материалдары жатады.
- Елдер арасындағы тауар айналымы артады деп ойлаймын. Бұл үшін екі тарапта да мүмкіндіктер жеткілікті. Өңіраралық деңгейдегі ынтымақтастықты да нығайта түсу маңызды. Біздің облыста көкөніс, жеміс-жидек, ет өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Жамбыл облысы екіжақты ынтымақтастыққа негізделген бағдарламаларды жүзеге асыруға мүдделі, - деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Кездесу қорытындысы бойынша сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




