Жаңалықтар
Автокөлік нөмірлерінің бірегей DMC кодтары болуы керек, ол арқылы полиция қызметкерлері нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алады
- author «Ақ жол»
- 14 қыркүйек, 2022
- 224
Автокөлік нөмірлерінің бірегей DMC кодтары болуы керек, ол арқылы полиция қызметкерлері нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алады
ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандартында бұрмалаудан (қолдан жасаудан) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы тиіс нөмірлік белгілер мен оларға арналған дайындамаларға қойылатын талаптар жазылған. Стандартты ҚР ІІМ «Ақпараттық-өндірістік орталық» РМК әзірледі және ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандартта сараптамадан өтті. Ал, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.
Стандарт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғаныш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді.
Қосымша қорғаныш элементтеріне полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірлердің түпнұсқалығын тексере алатын бірегей DMC кодтарын салу да жатқызылды.
«Арнайы қорғаныш элементтерін нөмірлік белгінің бетінен химиялық құралдармен немесе физикалық әсермен алып тастау мүмкін емес және нөмірлік белгінің бүкіл пайдалану мерзімі ішінде сақталуы тиіс», - деп ведомствода атап өтті.
Бұдан басқа, ҚР СТ 986-2022 қолданысқа енгізу өнімді дайындау бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайтынын хабарлаймыз.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді