- Advertisement -

Таразда 128 сотталғанға электронды білезік тағылды

29

- Advertisement -

Таразда сотталғандарға арналған электронды білезіктерді қалалық пробация бөлімінде қолдана бастады. Маусым айынан бастап 128 жазасын өтеушіге тағылған білезіктер, бірінші кезекте жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін сотталғандарға және жазаны өтеу шарттарын қасақана бұзатындарға қолданылуда.

Жалпы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға қатысты сот үкімімен белгілі бір орындарға баруға тыйым салынады. Атап айтқанда, оқу орындарына жақындау, түнгі уақытта үйден шығу, пробация қызметіне хабарламай тұрғылықты жерінен тыс жерге шығу сияқты шектеулер қойылуы мүмкін. Пробация қызметінің инспекторы сотталғандардың белгіленген талаптарды нақты уақытта да, өткен кезең үшін де сақтауын қадағалай алады. Қызметкер қажетті деректерді компьютердің, планшеттің немесе смартфонның көмегімен жеке кабинет арқылы тексере алады.

Тараз қалалық №3 пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қуаныш Калыктың айтуынша, бақылау құралдары түрлі құқық бұзушылықтың алдын алуда және әрбір сотталғанды үнемі бақылауда ұстауға мүмкіндік беріп отыр.

— Пробация есебінде тұрған азаматтар электронды білезікті бір жыл бойы тағуға міндеттеледі. Егер, ол осы уақыт аралығында заңға қайшы әрекетке бармаса, құрылғы алынып тасталады. Ал олай болмаған күнде материал сотқа жіберіледі. Мәселен, білезіктерді қолдану басталғаннан бері тұрғылықты жеріне белгісіз және рұқсатсыз жасалған 16 қастандық анықталды. Оның ішінде, 11 материал сотқа жолданса, олардың 6-ы қанағаттандырылды. Тағы 5 материал қаралу үстінде. Осылайша, бақылау құралдары түрлі құқық бұзушылықтың алдын алуда және әрбір сотталғанды үнемі бақылауда тиімділігін көрсетуде, — дейді Қуаныш Ерболатұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support