Әскерге шақыру науқанына дайындық қызу
Күз мезгілінің алғашқы күндерінен еліміздің барлық аймағында әскерге шақыру науқаны басталады. Осы ретте әскери міндеттілердің тізімдігін әзірлеп, бұл шаруаға ертерек қамданған дұрыс-ақ. Облыс әкімдігінде өткен кеңесте әскери міндеттілерді көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындысы тыңдалып, күзгі шақырудағы межелі міндеттер пысықталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Нұржан Календеровтың басшылығымен өткен кеңесте әуелі облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Нұрбол Зейнелов көктемгі шақырылымның қорытындысы жайында баяндады.
Кеңесте медициналық және шақыру комиссиясының жұмысындағы кемшіліктер ашық айтылып, әскерге шақырылатын жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін арттыру турасында мәселелер қаралды. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жайы пысықталды.
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы Нұрбол Зейнеловтың мәліметіне сүйенсек, биыл әскери міндеттілерді мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны қыркүйектен желтоқсанға дейін жалғасады. Соған сәйкес ҚР ҰҚК Шекара қызметі бөлімдеріне командаларды шақыру басталмақ. Осы кезеңде департамент басшылығы әскери міндеттілерді шақыру қағазында көрсетілген мерзімде шақыру пункттеріне бару тиіс екенін ескертеді. Бұл ретте департамент қызметкерлері азаматтарды құлақтандыру мақсатында үйме-үй әскерге шақыру қағазын таратып, СМС хабарлама жолдайды.
Сәндібек ПІРЕНОВ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді