«Меркі ірімшік зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде сүт өнімдерінің отызға жуық түрін өнеркәсіптік жолмен тұтынушысына жеткізіп беруде. Қазір сол ірімшіктің он түрі бар. Әсіресе, «чечел» аталып кеткен ысталған және кептірілген ірімшікті жеп көрдіңіз бе? Бұл өзі дайындалу технологиясы жағынан түріктердің өнімінен кем түспейді. Дегенмен, оны ілгеріде Сарысу,Талас бойындағы үй шаруасындағы жеңгелеріміз әбден бабына келтіріп жасайтын. Сондай-ақ, балқытылып ысталған шұжық-ірімшіктің басқалардан қай жері кем? Бала біткен оны құмартып жейді. Ірімшіктің тағы да «Костромской», «Голландский» және «Меркенский» деген түрлері қандай, шіркін! Ал бал татыған қаймағы ше? Түсіңе кіреді. Оның үстіне өте арзан. Төрт жүз грамдық қаймақтың бағасы небәрі 175 теңге, ірімшіктердің бір келісі 1200 теңгеден аспайды. Ал әлгі «чечелдің» бір данасы 120 теңге тұрады.
Меркіде екі фирмалық дүкен бар. Ал бір айдың ішінде осы дүкендер арқылы 5 миллион теңгенің өнімі тұтынушыларға сатылады. Әсіресе, Меркі ауылының орталығындағы дүкеннің саудасы қатты жүреді. Шағын дүкен демесеңіз онда тетрапакқа құйылған айран да, қаймақ та, брынза мен кәдімгі құрт та, сүзбе суы да бар. Халықтың бүгінде зауыт өнімдеріне деген сұранысы жоғары. Сондықтан болар оны Шымкент пен Алматы, Астана, Тараз жұрты тұтынып жүр.
Алмас Рысмедетов, Меркі ірімшік зауытының технологы.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді