Су каналдарын жедел жаңғырту керек
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пен «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов суару жүйелерін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Байзақ ауданындағы ұзындығы 21,7 шақырым болатын Сеңкібай каналын қалпына келтіруді «Құрылыс ТЭД» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда мұнда үш құрылыс бригадасы жұмыс істеуде. Жоба жоспарына сәйкес каналды бетондау көзделген десек, бұл өз кезегінде су шығынын болдырмауға мүмкіндік береді. Облыс әкімі барлық жұмыстарды келесі вегетациялық кезең басталғанға дейін толығымен аяқтауды міндеттеді.
Шаруалар каналға жақын орналасқан тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар су өткізуге кедергі келтіруі мүмкін деп алаңдайды. Аймақ басшысы аудан басшылығы мен «Қазсушар» РМК филиалына осы мәселені жан-жақты зерттеп, шара қабылдауды тапсырды.
Аталған мердігер компания Медеу, Айткүл, Сатыбалды магистральды каналдарын да қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Нұржан Нұржігітов ол жұмыстарды үш ай ішінде аяқтауды жүктеді.
– Қандай жағдай болмасын, жұмысты бір сәтке де тоқтатуға болмайды. Шаруалар қажет кезде судан тапшылық көрмеуі тиіс. Бұл шаралардың барлығы суармалы алқап көлемін, өнімділікті арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін еселеуге бағытталған, деді Нұржан Нұржігітов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




