«Қарасу» өткізу бекеті қайта жаңғыртылады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өңірлерге жұмыс сапары барысында аймағымызға арнайы атбасын бұрды. Премьер- министрдің орынбасарын облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған, құрамында бірнеше басқарма басшылары бар ресми топ Алматы облысының шекарасынан күтіп алды. Вице Премьер-министрдің Жамбыл жеріне жұмыс сапары Қордай ауданындағы «Қарасу» өткізу бекетінің жағдайымен танысудан басталды. Сапар барысында бекетті жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен іске асырылатын модернизациялау жұмыстары, жаңа көпір салу және қолданыстағы көпірді реконструкциялау бойынша бірлескен іс-шаралар жөнінде кеңінен айтылды. Серік Мақашұлы бұл бекетті 2025 жылға дейін қайта жаңғырту арқылы екі ел арасындағы сауда- экономикалық ынтымақтастықты арттыру көзделіп отырғандығын жеткізді.
Жалпы, индустриалды аймаққа 39 гектар жер бөлінген. «Joint Technologies» ЖШС жауапты инвестициялық жобаның құны – 80 миллион АҚШ долларын құрайды. Қос тараптың сауда- саттық саласындағы байланысын арттыру мақсатында қолға алынып отырған жоба аясында өткізу бекетіндегі көліктер ағыны екі, паспорттық бақылау кабинасының саны екі жарым есеге артады деп күтілуде. Алдағы жылдары мұнда кіші тауар өндірушілерінің жемісті жұмыс істеуіне жағдай жасалады. Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айындағы қос елдің арасындағы тауар айналымы 30 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға жоғары.
– Президент тапсырмасына сәйкес, өңірлерді аралап жүрміз. Мұндағы мақс ат – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру. Кеше Алматы облысында халықпен жүздесіп, кәсіпкерлермен тілдестім. Бүгін Жамбыл өңіріне арнайы келіп, «Қарасу» өткізу бекетінің жағдайымен таныстым. Сауда саясатын дамытуда көрші мемлекеттермен тығыз қарым- қатынас орнату аса маңызды. Атап өтерлігі, елімізде бе с сауда логистикалық орталық бар. Бұл біздің т ранзиттік потенциалымызды дамытуға әрі шекарадағы бақылауды халықаралық дәрежеге көтеруге мүмкіндік беріп отыр.
Өздеріңіз білетіндей, өткізу пунктін аралап көрдік. Жағдайы жаман еме с, бірақ жоғары стандарттарға сай деп айта алмаймыз. Сол себепті, 2025 жылға қарай дәл осы бекетті халықаралық стандарттарға сай етуіміз қажет. Мұнда қос елдің кәсіпкерлері түрлі өндіріс орындарын ашып, табысты жұмыс істейді деп күтілуде. Шекаралық бекеттерді қайта жаңғыртудан өткізу арқылы кәсіпкерлердің алаңсыз жұмыс жасауына жағдай жасау көзделуде. Бұл мәселені кеңінен талқылау мақсатында қырғызстандық әріптесіммен арнайы кездесетін боламын, – деді С.Жұманғарин.
Қайта жаңғырту жұмыстары бірлескен іс-қимыл туралы Үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асуда. Десе де, мұнда әлі күнге дейін түйіні тарқамаған түйткілді мәселелер бар. Соның бірі – электрмен жабдықтау. Нақтырақ айтқанда, 50 мегаватт электр энергиясы жетіспейді. Бұл өз кезегінде бекетті үздіксіз электр жарығымен қамтамасыз етуге кедергі келтіруде. Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов бұл мәселе тек бекетте ғана емес, Қордай ауданында толыққанды шешілмей отырғанына тоқталды.
– Бұл жөнінде Қырғыз елінің жауапты тұлғаларымен сөйлестік. Олар әр маусымда ғана көмек қолын соза алатынын жеткізді. Негізі, мәселе тек бекетте ғана емес, Қордай ауданында түбегейлі шешілмей отыр. Сондықтан біз құны 22 миллиард теңгені құрайтын электр станциясының жобалық-сметалық құжатын дайындадық. Егер, осы жоба жүзеге асатын болса, бекет жеткілікті мөлшерде жарықпен қамтамасыз етіледі. Осылайша мәселе аудан көлемінде шешілмек, – деді Нұржан Молдиярұлы.
Бүгінгі таңда қазақ-қырғыз шекарасында 8 өткізу бекеті бар. Соның ішінде, «Қордай» өткізу бекетін реконструкциялау жұмыстары өткен жылдың наурыз айында аяқталған еді. Жаңартылған пункт жаңа құралдармен, оның ішінде «Распискан» инспекциялық-тексеру кешенімен жабдықталды. Осылайша автокөліктерге арналған қозғалыс жолағының саны 4-тен 8-ге дейін артса, өткізу бекетіндегі паспорттық бақылау кабинасының саны 13-тен 34-ке көбейді. Ал көліктер ағыны 2 жарым есеге ұлғая түсті. Жаңарту жұмыстары алдағы уақытта өзге де шекаралық бекеттерде жүргізілмек.
Есен ӨТЕУЛІ
Қордай ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді